"Табиғат әлемі балалардың көзімен
"Табиғат әлемі балалардың көзімен– 2023"
облыстық балалар шығармашылығы байқауының аудандық кезеңі
2023 жылғы 15-20 қаңтар аралығында Қызылжар ауданының білім бөлімі "Табиғат әлемі балалар көзімен"облыстық балалар шығармашылығы байқауының аудандық іріктеу кезеңін өткізді.
Байқау балалардың шығармашылығы арқылы қоршаған ортаның сақталуы үшін балалардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, қоқысты қайта пайдалану және кәдеге жарату мәселесіне оқушылардың назарын аудару, ұлттық қолөнер дәстүрлерімен байланысты сәндік-қолданбалы шығармашылықтың әртүрлі бағыттарын дамыту, туған өлкенің табиғатын зерттеуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.
Барлығы ауданның 24 мектебінен 7-17 жас аралығындағы 41 оқушы қатысты. "2023 жылдың символы" және "табиғат пен Қиял" атты екі номинация бойынша жұмыстар ұсынылды. Әр номинацияда үш жас тобындағы жұмыстар бағаланды: 7-9 жас; 10-13 жас; 14-17 жас.
Байқау қорытындысы кестеде көрсетілген. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары облыстық байқауға қатысады. Қатысушыларымызға жеңіс тілейміз!